Бас жаңалықтар
"Ұмай" Ұлыбританиядан екі жүлде алды
01 Сәуiр 2020, 21:50 143

"Ұмай" Ұлыбританиядан екі жүлде алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Режиссер Іңкәр Әбдраштың "Ұмай"  атты қысқаметражды фильмі British International Amateur Film Festival (BIAFF) Халықаралық әуесқойлар кинофестивалінде екі жүлдеге ие болды.

"Ең үздік фильм" және "Ең үздік сценарий" номинациясы бойынша топ жарған туынды іс-шара аясында байқаудың үздік фильмдеріне берілетін Daily Mail баспасының арнайы сыйлығына да үміткер атанды.

Өкінішке қарай, ұйымдастырушылар Британ аралдарында коронавирустың өршуіне байланысты ең ауқымды әуесқойлар кинофестивальнің салтанатты кешін кейінге қалдыруға мәжбүр болды. Бұл туралы кинофестивальдің ресми сайтында хабарланды.

Өздеріңіз білесіздер, Ұлыбританиядағы кейбір іс-шаралардың мерзімі шегеріліп, кейбірі – мүлде шектетілді. Мамырдың 8-10 аралығына жоспарланған BIAFF-2020 фестивалін 2020 жылдың 16-18 қазанға ауыстыру туралы шешім қабылданды - делінген хабарламада.

Фестиваль ұйымдастырушыларының өкілдері отандық кинотуындының түсірілім тобын жеңістерімен құттықтап, қазылар алқасының оң пікірлерін жіберді. Олар фильмнің басты рөлдегі актерлары Алмаз Ақылбай мен Гүлнар Сильбаеваның жұмысын жоғар бағалады. Сонымен қатар, қазылар алқасы оператордың кәсіби жұмысын, фильмнің монтажын және дыбыстық сүйемелдеуін ерекше атап өтті.

Бұл бірінші кадрдан-ақ көрермендерді қызықтыратын әдемі фильм. Жеңістеріңіз құтты болсын! - деді қазылар алқасының мүшесі Майк Уитмен.

Еске салсақ, Іңкәр Абдрашованың дебюттік фильмінің желісі өзімшіл актрисаның өмірін түбегейлі өзгертетін балалар үйінің тәрбиеленушісінің өмірін баяндайды.

Картинаның продюсерлері Фархат Әбдірайымов пен Гүлшат Смағұлова болды. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық бірлестігі түсірді.

Фото: дереккөз
Загрузка...