Құмар Ақсақалов: Өңірдегі жағдай күрделі

8 Шілде 2020, 11:42
1917
Бөлісу:
Құмар Ақсақалов: Өңірдегі жағдай күрделі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясы барысында айтты. 

Қазіргі пандемия жағдайы Қазақстанды ғана емес, тұтас әлем елдерін алаңдатып отыр. Облыс әкімдігінің сайты мен менің әлеуметтік желідегі жеке парақшама күн сайын ондаған сұрақ түсіп жатыр. Ол сұрақтардың барлығына өзім тікелей жауап беріп отыратын боламын, - деді әкім. 
Брифингті облыстағы эпидемиологиялық ахуалдан бастаған Құмар Ақсақалов өңірдегі жағдайдың күрделі екенін, бірақ бақылауда ұстап отырғанын айтты.
Қазіргі эпидемиялогиялық жағдай күрделі, бірақ бақылауда. Өңірде бүгінде 1446 оқиға тіркелді, оның 480-і аурудың симптомды түрімен ауырса, 67%-ы індеттің симптомсыз түрін жұқтырған. Сырқаттану деңгейі өткен тәулікте 1,9%-ға (28 жағдай) өсті. Оның 19-ы - симптомды, 9-ы - симптомсыз. Инфекциялық стационарларда 136 адам емделіп жатыр. Бүгінгі күні 545 адам жазылып шықты, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы