«Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы бойынша меморандумға қол қойылды

3 Тамыз 2019, 12:49
2943
Бөлісу:
«Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы бойынша меморандумға қол қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 2 тамызда ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арасында «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасын іске асыру аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігніің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми шараға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин қатысты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Осыған орай, студенттерді әлеуметтік және қоғамдық – пайдалы қызметке кеңінен тартуға бағытталған «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы басталады.

Жоба аясында жоғары оқу орындарының студенттері ақшалай сыйақы алып, қоғамдық-пайдалы жұмыс нәтижелері үшін академиялық кредиттерді қайта есепке ала алады.

Күндізгі оқу нысанындағы жоғары оқу орындарының студенттеріне келесі әлеуметтік студенттік кредит түрлері ұсынылады:

1) 20 сағат қызметі үшін 20 000 теңгеге кредит;

2) 50 сағат қызметі үшін 50 000 теңгеге кредит.

Студенттер волонтерлер ретінде балалар үйлерінде, қарттар үйлерінде, білім беру және басқа да әлеуметтік мекемелерде көмек көрсетеді.

«Әлеуметтік студенттік кредит» жобасын іске қосу 2019 жылдың қыркүйек айына жоспарланған, ал оның тақырыптық модулі «Qazvolunteer.kz» волонтерлердің бірыңғай интернет платформасында орналасады.

Анықтама: Волонтерлердің бірыңғай интернет платформасы «Qazvolunteer.kz» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-мен бірлесіп әзірледі. Онлайн-платформа qazvolunteer.kz волонтерлік қызметке қатысушылардың өзара іс-қимыл тетіктерін құруға, Қазақстанның волонтерлері мен волонтерлік ұйымдарының қызметін үйлестіруге, волонтерлік жобаларды/бағдарламаларды/акцияларды ақпараттық қолдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Платформада кез келген адам онлайн-тіркеуден өтіп, волонтерлік қызметке қосыла алады. Қазіргі уақытта платформада 1400 волонтер, 60-тан астам волонтер ұйымдары тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы