Ғұламалар кеңесі бірнеше пәтуаны талқылауда

6 Қазан 2020, 21:20
2074
Бөлісу:
Ғұламалар кеңесі бірнеше пәтуаны талқылауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің ХХVI мәжілісі басталды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Мәжіліске ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, мүфтиятты әр жылдары басқарған Ержан қажы Малғажыұлы, Серікбай қажы Ораз және кеңес мүшелері қатысуда.

Ғұламалар кеңесі шариғатымыздың негіздеріне сүйене отырып, қоғамда мұсылман қауымы арасында туындап отырған көкейкесті, түйткілді мәселелерді талқылап, дер кезінде шешімдер шығарып, пәтуалар мен концептуалды құжаттар қабылдап келеді. Санаулы мерзім ішінде пәрменді құрылым, институт болып қалыптасты. Кеңес құрылған күннен бастап 25 мәжіліс өтті. Бүгінгі күнге дейін 24 концептуалды құжат қабылданып, шариғи, әлеуметтік, медицина, отбасы, неке бағытындағы тақырыптарға орай 85 пәтуа бекітілді. Сонымен қатар Кеңес отырысында 8 кітап талқыланып, баспаға ұсынылды. Мұның бәрі сіздердің белсенді жұмыстарыңыздың арқасында іске асып келеді. Осы орайда баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін, – деп атап өтті мәжілісті ашқан бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бүгінгі мәжілісте «Ас беру мәдениеті», «Зират пен зиярат мәдениеті», «Зияткер имам тұжырымдамасы», «Исламдағы жастардың тұлғалық бейнесі», «Дем салу ережесі», «Киелі орындарды зиярат ету ережесі», «Тұтыну кооперативі арқылы тұрғын үй алу үкімі» сынды құжаттар мен пәтуалар талқылануда.

ҚМДБ Ғұламалар кеңесі қабылдаған пәтуалардың мәтінін алдағы уақытта жариялаймыз.

Өзгелердің жаңалығы