Бас жаңалықтар
Грант көп, конкурс жоқ – Аймағамбетов төмен ұпаймен оқуға түскендер туралы
16 Тамыз 2019, 17:50 954

Грант көп, конкурс жоқ – Аймағамбетов төмен ұпаймен оқуға түскендер туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясының қорытындылары туралы өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік білім гранттары конкурсында неліктен бәсеке жоқ екенін айтты.   

«Биыл 64 мыңнан аса талапкер мемлекеттік білім грантына үміткер болды. Республикалық бюджеттен 53 мың грант, көпбалалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына қосымша 5 мың грант бөлінді. Осылай 58 мың грант бөлініп, жалпы конкурста бір орынға 1,1-1,2 баладан келді. Мемлекет басшысы бүгін айтқандай, конкурс жоқ. Сол себепті өте төмен ұпаймен оқуға түседі. Сапаны арттыру қажет», - деді білім министрі.

Аймағамбетов көптеген мамандық бойынша білім грантының оқу ақысы 340 мың теңгеден аспайтынын айтты. 

«Еңбек» бағдарламасы бойынша бір айдан алты айға дейін өткізілетін қысқамерзімді курстарды алар болсақ, ол жерде курс айына 40-45 мың теңге тұрады. Университеттердегі белгілі бір мамандықтар ақысынан әлдеқайда төмен. Сол бағаға сай сапалы біліммен қамтамасыз етуге болады. Грант саны көп, конкурс жоқ. Бір орынға – бір адам. Сол себепті сапаны қамтамасыз етуге ауысу қажет. Министрлік осыған сәйкес жұмыс жүргізетін болады», - деп айтты ведомство басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептердегі ақылы олимпиадалар мен байқауларға қатысты пікірін айтты. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық