Бас жаңалықтар
Бейбіт елде азаматтар алаңсыз еңбек етуде – Хусаин Домбаев
23 Сәуiр 2019, 10:35 422

Бейбіт елде азаматтар алаңсыз еңбек етуде – Хусаин Домбаев

Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқы Ассамблеясының XХVII сессиясы қоғамдық келісім мен халық бірлігінің бекуіне жаңа серпін береді. Қызылорда облыстық шешен этномәдени бірлестігінің белсендісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Хусаин Домбаев осындай пікір білдірді.

Хусаин Домбаевтың айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы жыл сайын қазақстандықтардың назарын айрықша аударып келеді. Мұнда ең өзекті мәселелер көтеріліп келеді, маңызды шешімдер қабылданады, болашақта атқарылатын мәнді міндеттер айшықталады.

«Ассамблея сессиясы осымен бірнеше жыл қатарынан 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында өткізілуде. Сондай-ақ, биылғы жылы мемлекетіміз үшін тарихи тағдырлы шешім жасалмақ: қазақстандықтар 9 маусым күні президентті сайлайды», - деді Хусаин Домбаев.

Оның пікірінше, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің мемлекеттің іргесін бекітуде, көпұлтты елдегі мәдениеттер мен тілдерді дамытуда, тәуелсіз Қазақстан халқының бірлігін нығайтуда маңызды рөл ойнады. Осындай бейбітсүйгіш республиканың тұрғындарының келешекке деген үкілі үміті оянды, алаңсыз еңбек етуде.

«Сессияға қатысып, Елбасының өз аузынан біздің Ассамблея жұмысын жандандыруға, жаңа қызметтеріне, соның ішінде медиацияның дамуына, қоғамдық бақылауға, қайырымдылықты үйлестіруге байланысты ойларын естудің өзі қайталанбас сезім сыйлайды, аталған ізгі істерді атқаратын бойға қайрат бітеді. Көмекке мұқтаж жандардың, балалар үйінің тәрбиеленушілері және басқа да қолдауды қажет ететін балғындардың жай-күйі анықталып жатыр. Тағдыр тауқыметін тартып жатқан жас қазақстандықтарға жарқын болашаққа жетелеп, үміт беретін бұл игі жұмыстың маңызы зор. Алда өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім мен халықтың бірлігін бекітуде жаңа серпіліс әкеледі деп сенемін», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. 


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық