Батыр Жүкембаевтың келесі жекпе-жегі Монреальде өтеді

8 Мамыр 2019, 15:29
1934
Бөлісу:
Батыр Жүкембаевтың келесі жекпе-жегі Монреальде өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаевтың келесі жекпе-жегі 17 мамыр күні Канаданың Монреаль қаласында Montreal Casino кешенінде өтеді. Бұл туралы боксшы Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

«Қазақ елi. Менiң жекпе-жегiм 17 мамыр күнi Монреаль каласында өтедi. Қолдауларынызға рақмет», - деп жазды Жүкембаев facebook-тегі парақшасында.

Қазақстандық спортшының кезекті қарсыласы – мексикалық Луис Хесус Видалес (19-6, 6КО). 

Соңғы рет Жүкембаев 16 наурыз күні бокстасқан болатын. Ол он раундқа созылған жекпе-жекте судьялардың шешімімен мексикалық боксшы Хильберто Месуды (10-6-1, 6 КО) жеңді.

Өзгелердің жаңалығы