ҰҚК: 55 тінту жүргізіліп, 17 адам ұсталды

17 Қаңтар 2020, 18:41
3600
Бөлісу:
ҰҚК: 55 тінту жүргізіліп, 17 адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің 3 қаласында жүргізілген операция барысында 17 адамның ұсталғаны туралы видео таратты.

ҰҚК Экономикалық қауіпсіздік қызметі мемлекетке айтарлықтай экономикалық шығын келтіріп келген ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті. Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Алматы қалаларында ауқымды операция жүргізілді. 17 адам ұсталды, 55 тінту жүргізілді. Ұйымдасқан қылмыстық топтан ЭЦҚ, ноутбуктер, кассалық аппараттар, жалған мөрлер мен компания есепшоттарын басқаруға арналған цифрлық кілттер, шетелдік және ұлттық валютадағы ақшалай қаражаттың ірі сомасы тәркіленді, - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан видеода.


Ведомство ақпаратына сәйкес, қылмыстық топ 300 млрд теңгеден астам ақшаны заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған. Қылмыстық әрекетті әшкерелеудің нәтижесінде мемлекет бюджетіне ай сайын 3 млрд теңгеден астам салық түсе бастады.

Өзгелердің жаңалығы