Өңірде инфекцияның таралуын тежеу үшін тиісті шаралар орындалуда – Даниал Ахметов

30 Наурыз 2020, 10:32
1086
Бөлісу:
Өңірде инфекцияның таралуын тежеу үшін тиісті шаралар орындалуда – Даниал Ахметов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде инфекцияның таралуын тежеу үшін тиісті шаралар орындалуда. 

Бұл туралы Даниал Ахметов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Достар, өздеріңізге белгілі, елімізде күн санап, коронавирус жұқтырғандардың саны артып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша 271 оқиға тіркелді. Оның ішінде біздің облыста 2 жағдай бар. Өңірде инфекцияның таралуын тежеу үшін тиісті шаралар орындалуда. Десе де, өкінішке орай, мемлекеттік деңгейде қойылған шектеулерге қарамастан, облысымыздың бірқатар азаматтары төтенше жағдай режимін елегісі келмейді, - деп жазды ол.
Семей қаласында рейд барысында кальян тартуға арналған үш орын салынған тыйымға қарамастан жұмыс істегені анықталған. 

Бұған қоса, тағы бір кафе сағат 22.00-ден кейін де қызмет еткен. Нәтижесінде, үш адам 5 тәулікке қамауға алынып, 1 адамға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, Өскемендегі клуб иелерінің бірі 7 тәулікке қамауға алынған.

Жалпы, ШҚО бойынша қазіргі уақытта 26 әкімшілік іс қозғалды. 15 адам жауапкершілікке тартылып, оның 10-ы қамауға алынды. Құрметті ШҚО тұрғындары, төтенше жағдай талаптарын бұзған азаматтар 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынатынын немесе 10 АЕК өлемінде айыппұл төлейтінін естеріңізге салғым келеді, - деді облыс әкімі.


Өзгелердің жаңалығы