Өңіраралық ынтымақтастық форумында 40 млн долларға келісімшарт жасалды – министр

12 Қараша 2019, 01:46
10579
Бөлісу:
Өңіраралық ынтымақтастық форумында 40 млн долларға келісімшарт жасалды – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның сауда  және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында Омбыда өткен өңіраралық ынтымақтастық форумынан алған әсерлерімен бөлісті.

Уәде бергенімдей, Омбыдағы өңіраралық ынтымақтастық форумынан алған әсерлеріммен бөлісіп отырмын. Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан тарапынан форум ұйымдастырушысы болды.
Қазақстан мен Ресей президенттері біздің өзара өңірлік сауданы кеңейтудің қажеттілігін атап өтті. Оның негізгі бағыттары екі елдің шекарамаңы ынтымақтастығы бағдарламасының тұжырымдамасына кірді, оған мемлекет басшылары қол қойды, - деп жазды министр.
Оның айтуынша, басқа қол қойылған маңызды құжаттардың арасында – шекарада өткізу пункттерінің жұмыс істеуі жөніндегі іс-қимылдар бағдарламасы бар. Бұл - өте маңызды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев форумда сөйлеген сөзінде екі елдің саудасын сәтті дамыту үшін шекара маңындағы өңірлердің инфрақұрылымдық әлеуетін дамытуды, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғыртуды талап ететініне ерекше тоқталып өтті.

Екі елдің кәсіпкерлері Қазақстан мен Ресейдің саяси күштерінен "бөгеттерді алып тастауды" және оларға "бизнес жасауға" кедергі келтірмеу жөнінде бір ауыздан өтініш айтты. Мысалы, тез бұзылатын өнімдерді шекарадан өткізу рәсімдерін жеңілдету сөз болды.

Омбыдағы форумның ең маңызды шарасы "Жоғары технологиялар: Қазақстан мен Ресей өңірлерінің мүмкіндіктері" тақырыбындағы көрме болды (ҚР атынан ұйымдастырушы СИМ). Қазақстаннан 17 компания қатысты. Әрі өңір өз мүмкіндігін белсенді көрсете алды. СҚО әкімдігі, мәселен, өз тауаша нарығымен таныстырып, алаңда сояны, зығырды, дәнді, бұршақтыларды қайта өңдеуде ынтымақтастық ұсыныстарын жасады (олардың қайта өңделген азық-түліктері АҚШ, Еуропа мен Қытай нарықтарында сұранысқа ие). Әкімдік ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үшін ресейлік инвесторлар мен өндірушілерді өзінің АЭА кіргізуге, преференциялар беруге дайын.

Жалпы форум сәтті өтті және networking болды деп санаймын. Бизнесте жаңа іскерлік байланыстар орнатылды. Бұл ең басты міндет болатын, мұндай алаңдар осы мақсатта ұйымдастырылады. Одан басқа 40 млн долларға келісімшарт жасалды. Менің ойымша, бұл істің соңы емес, - деп қорытындылады сөзін Бақыт Сұлтанов.

Өзгелердің жаңалығы