Чехиялық футболшы жол апатынан көз жұмды

30 Сәуір 2019, 10:47
2110
Бөлісу:
Чехиялық футболшы жол апатынан көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркиялық "Аланияспор" клубының автобусы жол апатына түсіп, салдарынан чехиялық жартылай қорғаушы Йосеф Шурал мерт болды. Тағы бірнеше спортшы жарақат алған. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. 

"Кайсеридегі матчтен қайтар жолда автобус жол апатына түсіп, жеті футболшымыз зардап шекті. Ауыр жарақат алған чехиялық футболшы Йосеф Шурал Аланьядағы жекеменшік клиникаға жатқызылды. Дәрігерлердің барлық амалына қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмады", - делінген хабарламада.  

Ойыншылар "Кайсериспор" командасына қарсы Түркия чемпионаты асындағы матчтен (1:1) қайтып келе жатқан. Жол апаты Аланья орталығынан бес шақырым жерде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус аударылып түскен.

28 жастағы Шурал түркиялық клубқа прагалық "Спартадан" 2019 жылы қаңтарда ауысқан. Содан бері футболшы 11 матчке қатысып, бір гол соққан. Ал Чехия құрамасы сапында ол 20 матчқа қатысып, бір гол соққан.

"Аланияспор" 30 матчта 42 ұпай жинап, Түркия чемпионатында бесінші келеді.
Өзгелердің жаңалығы