Өңдеуші өнеркәсіпте мерзімі кешіктірілген несиелер үлесі 5% өсті

4 Ақпан 2019, 11:29
3411
Бөлісу:
Өңдеуші өнеркәсіпте мерзімі кешіктірілген несиелер үлесі 5% өсті

Астана, BAQ.KZ. «Даму» қорының бағдарламасы бойынша өңдеуші өнеркәсіпте 1,4 трлн теңгеге несие берілген. Бұл жөнінде Zakon.kz порталы хабарлайды. 


«Даму» қорының шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы бойынша өңдеуші өнеркәсіпте 1,4 трлн теңгеге несие берілген. Қайта өңдеуші сегмент команиялары несиелерін өтеуді кешіктіре бастаған: бес жыл ішінде алғаш рет мұндай несиелер көлемі 5% артқан. 
Өңдеуші өнеркәсіпті несиелеу көлемі бір жыл ішінде 2,7% өсіп, жыл соңында 1,4 трлн теңгені құраған. Соның ішінде, өнеркәсіпті несиелеу көлемі жалпы 2% өскен. 

Өңдеуші өнеркәсіп саласы ішінде бір жыл ішінде тоқыма және тігін өнеркәсібін несиелеу көлемі ең жоғарғы көрсеткішке ие болған (36,3%). Одан кейінгі орында металлургия (15,2%) және көлік құралдары мен жабдықтарының өндірісі (13,4%) тұр. 

Әйткенмен, портфель сапасы күр нашарлай түскен. Аталған саладағы мерзімі кешіктірілген несиелер көлемі 6,2% өсіп, 68 млрд теңгені құраған.
Өзгелердің жаңалығы