Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды

16 Сәуір 2019, 14:25
1650
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері дауылды ескерту жариялады.

"17 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде көктайғақ, тұман болады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады. Түнде кей жерде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с күтіледі", - делінген таратылған хабарламада.

Петропавл қаласында 17 сәуірде күндіз көктайғақ болады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.

Өзгелердің жаңалығы