Головкин жекпе-жегінің андеркартына шығатын бокшылар белгілі болды

27 Сәуір 2019, 17:45
2174
Бөлісу:
Головкин жекпе-жегінің андеркартына шығатын бокшылар белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Головкин мен Стив Роллс жекпе-жегінің андеркартына шығатын алғашқы қатысушылар белгілі болды. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады. 

Шоуда жеңілмеген америкалықтар күш сынасады. Нью-йоркте өтетін Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс арасындағы бокс кешінің андеркартына қатысушылар есімі белгілі болды. BoxRec мәліметінше, шоу аясында екі америкалық орта салмақ дәрежесіндегі Брайана Себальомен жеңіл салмақтағы Марио Рамостың сегіз раундтық жекпе-жегі өтеді. Олардың қарсыластары әзірге белгісіз. 

Головкин - Роллс жекпе-жегі 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстандық боксшы үшін DAZN сервисімен жасалған келісімшарттың алғашқы жекпе-жегі.
Өзгелердің жаңалығы