Бас жаңалықтар
Мамин "Бизнестің жол картасы - 2025" жаңа бағдарламасы бойынша тапсырмалар берді
06 Қараша 2019, 10:50 178

Мамин "Бизнестің жол картасы - 2025" жаңа бағдарламасы бойынша тапсырмалар берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Ұлттық экономика министрлігіне "Бизнестің жол картасы - 2025" жаңа бағдарламасын қабылдауды қамтасыз етуді тапсырды.

Мамин президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жаңа бағдарлама аясында алдағы бес жылға 421 млрд теңге қарастырылғанын, бұл аяқталып жатқан бағдарлама қаржысына қарағанда бір жарым есе көп екенін айтты. 

Ұлттық экономика министрлігіне мынадай тапсырмалар беріледі. Осы жылы қарашаның соңына дейін "Бизнестің жол картасы - 2025" бағдарламасын қабылдауды қаматамасыз етіңіздер. Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдармен бірге осы жылдың соңына дейін бағдарламаны іске асыру үшін нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау қажет. Әкімдіктермен, "Атамекен" палатасымен және "Даму" АҚ-пен бірге жаңа бағдарлама тәсілдері мен мүмкіндіктері туралы кәсіпкерлер арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу,- деп айтты үкімет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, "Бизнестің жол картасы - 2020" нәтижелері қорытындыланған болатын. Сондай-ақ, ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында Дәленов "Бизнестің жол картасы - 2020" шаралары биыл аяқталатынын, сондықтан  мемлекеттік бағдарламаның жаңа жобасы әзірленетінін айтқан болатын. Сонымен қатар, "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасында ұлттық палата көрсеткен қаржылай емес қолдау шараларытуралы Үкімет отырысында айтқан болатын.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...