"Барыс" отандық хоккейшімен келісімді ұзартты

9 Тамыз 2020, 14:16
1288
Бөлісу:
"Барыс" отандық хоккейшімен келісімді ұзартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Барыс" хоккей клубы қорғаушы Кирилл Полоховпен келісімшартты ұзартты. Екіжақты келісім 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін жарамды, деп хабарлады olympic.kz.


Полохов "Барыс" жүйесінде 2015 жылдан бері ойнап келді. Өткен маусымда қазақстандық хоккейші "Номад" сапында Жоғары хоккей лигасында 41 матч өткізді. 

Ал ҚХЛ-да Полохов 2017 жылы бой көрсетті. Ол 116 матч өткізіп, 4 ұпай жинаған.   
Өзгелердің жаңалығы