Түркістанда 1-сынып оқушысын қағып кетті: бала көз жұмды

15 Қараша 2019, 15:58
5792
Бөлісу:
Түркістанда 1-сынып оқушысын қағып кетті: бала көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі мектептің жанында бірінші сынып оқушысын қағып кетті.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

14 қараша күні сағат 12:30 шамасында мектептің жанында түркістандық жүргізуші Toyota Land Cruiser Prado автокөлігімен 1-сынып оқушысын қағып кеткен. Бала ауруханаға реанимация бөліміне жеткізілген, бірақ алған жарақатының салдарынан сол жерде көз жұмған. 

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестріне тіркелді. 

Анықталғандай жүргізуші автокөлікті құжатсыз басқарған. Аталған факті бойынша Түркістан облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Қажетті сараптама тағайындалды. Жүргізуші қамауға алынды. Полиция жол-көлік апатының мән-жайын анықтап жатыр, - делінген полиция таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы