"Қазпоштада" 22 мың адам жұмыс істейді

18 Ақпан 2020, 11:16
1725
Бөлісу:
"Қазпоштада" 22 мың адам жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Үкімет отырысында "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов пошта инфрақұрылымының жай-күйі туралы баяндады.

Қазіргі таңда "Қазпошта" 3857 бөлімшеден тұрады. Соның ішінде 520-сы франчайзинг моделі бойынша жұмыс істейді. Компанияның инфрақұрылымы 8 халықаралық пошта алмасу орнын, 3 фулфилмент орталығын, 4 е-коммерц орталығын және бондтық қойманы қамтиды. Бүгінде компанияда 22 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді. Компания қазіргі уақытқа пошта және электрондық коммерция инфрақұрылымын белсенді дамытуда. 2019 жылы біздің автоматтандырылған іріктеу желіміз 18 миллионнан астам пошта жөнелтімін өңдеді. Алыс елді мекендерге газеттер мен журналдарды дрондармен жеткізу жалғасуда. Қолжетімділікті дамыту мақсатында компания сәлемдемелер супермаркеттері желісін дамытуда, - деді Сәкен Сәрсенов.

Оның сөзінше, 2019 жылы "Қазпоштаның" 248 сәлемдеме супермаркетінен 11,3 млн сәлемдеме берілген. Осыған қоса елімізде 351 поштамат жұмыс істейді. 
Компания өткен жылы еліміз бойынша екі күн ішінде 85 пайыз пошта жөнелтімін жеткізу мүмкіндігіне ие болды. бұл пошта инфрақұрылымын дамыту бойынша біздің тараптан қабылданып жатқан шаралардың нәтижесі. Салыстырма ретінде бұл көрсеткіш 2018 жылы 6 күнді құраған. Шетелден жеткізу мерзімі орташа есеппен 10 күнді құрады. Өткен жылы біз 22 миллионнан астам сәлемдемені жеткіздік. Электрондық коммерция орталықтары жұмысын жалғастыруда. Осы орталықтарда шағын және орта бизнес өкілдерін интернет-дүкендерді жасауға, тауарларды сатуға үйретеді. Бүгінгі таңда электрондық коммерция орталықтары Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларында ашылған. 2019 жылы бұл орталықтарда 2400-ден астам бизнес өкілдері оқудан өтті, - деді "Қазпошта" басшысы.
 
Оның айтуы бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларында фулфилмент орталықтары өз жұмыстарын жалғастыруда. Мұнда интернет-дүкендердің иелері тауарларды қабылдау, өңдеу, сақтау, қадағалау және соңғы клинтке дейін жеткізу сияқты қызметтер көрсетіледі.
Осы орталықтар арқылы интернет-дүкендер логистика, қойманы жалға алу және т.б. кететін шығындарды үнемдейді. Сондай-ақ сәлемдемелерді жеткізу мерзімі айтарлықтай қысқарады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша айналымдағы тауар көлемі 8 миллионнан асты. Салыстырма ретінде 2018 жылы 1,2 млн болып еді. Қазір бұл орталықтың қызметін 30-ға жуық шағын және орта бизнес өкілі пайдаланып келеді, - деді Сәкен Сәрсенов.
Осыған дейін Үкімет отырысында Қазақстанда 2 мыңнан астам интернет-дүкен жұмыс істейтіні туралы айтылды.



Өзгелердің жаңалығы