"Қазмедиа орталығы" қызметкерлерінен коронавирус анықталды

21 Мамыр 2020, 18:58
1519
Бөлісу:
"Қазмедиа орталығы" қызметкерлерінен коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы "Қазмедиа орталығы" әкімшілігі таратқан хабарламадан белгілі болды.

Нұр-Сұлтандағы "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" ЖШС жалға алушы компания қызметкерлері арасынан COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар анықталды. Компания қатаң карантин шараларын қабылдап, 2020 жылдың 22 мамыры мен 7 маусымы аралығында ғимаратқа кіруге шектеу қойды.

Айта кету керек, әзірге ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

WhatsApp Image 2020-05-21 at 18.58.32.jpeg
Өзгелердің жаңалығы