"ҚазМедиа" орталығының қызметкерлерін жаппай тестілеу басталды

23 Мамыр 2020, 12:25
1393
Бөлісу:
"ҚазМедиа" орталығының қызметкерлерін жаппай тестілеу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін "ҚазМедиа" орталығының ғимаратында COVID-19 бойынша жаппай тестілеу басталды.  

Телеарналардың қызметкерлері үлкен залға жиналып, тест тапсырады.  

Естеріңізге сала кетейік, 18-20 мамырда "Еуразия" бірінші арнасының басшылығы тек өздерінің қызметкерлерін тексеруден өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. Тестілеу барысында 2 адамнан індет анықталды. Жұқтырғандардың араласатын ортасы шағын болғанымен, Денсаулық сақтау министрлігі бәрібір де ҚМО-дағылардың барлығын тексеруге шешім қабылдады.  

Әріптестеріміздің  айтуынша, елде төтенше жағдай жарияланғаннан бері журналистер штаттық режимде жұмыс істеген. Бірақ бүгігі күнге дейін жаппай тестілеу өтпеген.
Өзгелердің жаңалығы