Ясауи кесенесі аумағында 3 мың гүл егілді

22 Мамыр 2019, 16:09
4146
Бөлісу:
Ясауи кесенесі аумағында 3 мың гүл егілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде тұрақты жүргізіліп отыратын абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары жалғасуда. Музей аумағында 3 мыңнан аса түрлі-түсті гүлдер отырғызылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің бағбаны Әшірбек Тойғараев ағаш, гүлдерді баптап, өсіру жұмысын ерекше сүйіспеншілікпен жасайды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағында тағы да түрлі әсем гүлдермен көмкеріліп жатқан бастамаға өз қуанышын жасыра алмады. 

Ясауи кесенесі аумағында 3 мың гүл егілді

"Жыл санап қасиетті орынға келушілерге сая болар жеміс ағаштары, гүлдер көбейіп жатыр. Бұл бастамалардан барлық жастар үлгі алса деген тілегім бар. Үйретуден жалыққан емеспін. Әрбір азамат шынайы жанашырлықпен Түркістанды түлетуге атсалыса берейік", - дейді Әшірбек Тойғараев.

Ясауи кесенесі аумағында 3 мың гүл егілді
Өзгелердің жаңалығы