Қазақстанның орталығы қандай болса, елі де сондай деп түсінеді – Назарбаев

2 Сәуір 2019, 12:07
2916
Бөлісу:
 Қазақстанның орталығы қандай болса, елі де сондай деп түсінеді – Назарбаев

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Дұрыс жүргізілген саясаттың арқасында барлық мемлекеттер Қазақстанды сыйлайтын болды. Бұл туралы Елбасы Шамалған халқымен кездесу кезінде айтты.

Жиын барысында ол басшылық қызметте атқарған еңбектеріне тоқталып өтті.

“1979 жылы Орталық Комитет хатшысы болып келгеннен бері қарай 40 жыл мемлекет басшылығында қызмет істедім. Қолымнан келгенше күндіз түні жұмыс жасап, әсіресе тәуелсіздік жылдары қазақ дүниежүзіне белгілі ел ету үшін, жағдайын түзеу үшін жатпай тұрмай жұмыс істедім. Соның арқасында ешкім білмейтін Қазақстан дүниежүзіне белгілі болды. Әлемнің картасында жоқ Қазақстан ойып орнын алды. Қазақтың бармайтын жері, демалмайтын курорты жоқ. Балалары әлемдік ЖОО оқып жатыр, денсаулығын түзеймін десе де шетелдік емханаларға барып жатыр. Соның барлығы елдің өркендеуі, мемлекеттің дәрежесінің көтерілуі, сый-құрметтің болуының арқасында”, - деді ол.

Сонымен қатар, ол Қазақстан басқалармен салыстырғанда үлкен ел емес екенін айтып өтті.

“Қазақстанның екі жағында алып Қытай, алып Ресей жатыр. Оңтүстігімізде Ислам мемлекеттері. Дұрыс жүргізілген саясаттың арқасында барлық мемлекеттер Қазақстанды сыйлайтын болды.  Ел солай қарай ауыссын деп, Арқа төсінен Елорданы салдық. Сол қала қазір дүниежүзіне белгілі қала болды. Дүниежүзілік саммиттер болып, атағы шығып жатыр. Қазақстанның орталығы қандай болса, елі де сондай деп түсінеді», - деді Елбасы.
Өзгелердің жаңалығы