Қазақстан мен Ұлыбританияның екіжақты ынтымақтастығының әлеуеті зор – Мамин

17 Сәуір 2019, 17:58
2255
Бөлісу:
Қазақстан мен Ұлыбританияның екіжақты ынтымақтастығының әлеуеті зор – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка істері жөніндегі мемлекеттік министрі Алан Данканмен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайты хабарлады.

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары талқыланды.

Алан Данкан атап өткендей, Қазақстанда бизнесті жүргізу үшін барлық мүмкіндіктер бар және шетелдік инвестицияларды тарту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығуы аясында Алан Данкан Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарда негізгі ережелердің сабақтастығы қамтамасыз етілетініне сендірді.

«Қазақстан мен Ұлыбританияның екіжақты ынтымақтастықты арттыруда әлеуеті зор, оны тиімді пайдалану қажет», - деді ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин.

ҚР-да британдықтардың қатысуымен 850-ден аса заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген, олардың ішінде Royal Dutch Shell, Ernst&Young және басқалары бар. Бизнес құрылымдардың өзара іс-қимылын одан әрі ұлғайту үшін биыл қазан айында Лондонда кезекті қазақстандық-британдық инвестициялық форум өтеді, бұл шара ірі британдық бизнестің қызығушылық танытқан жаңа өкілдерін тартуға мүмкіндік береді.

 

Өзгелердің жаңалығы