Министрлік: "Қазақстан-ҚХР" бағытындағы пойыз жолаушылары маска киюлері қажет

26 Қаңтар 2020, 17:55
2875
Бөлісу:
Министрлік: "Қазақстан-ҚХР" бағытындағы пойыз жолаушылары маска киюлері қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 6 қаңтардан санитариялық-эпидемиологиялық органдардың қызметкерлері жолаушылар, пойыз бригадалары мен машинистерде бетперде болуын қатаң талап етеді. 

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Қытай арасында аптасына үш жолаушылар пойызы қатынайды. ҚХР-дан келетін жолаушылар мен жолсеріктер тұрақты негізде тепловизор құралымен температурасын өлшеу арқылы іске асырылады. 2020 жылғы 6 қаңтардан санитарлық-эпидемиологиялық органдардың қызметкерлері жолаушылар, пойыз бригадалары мен машинистерде бетперде болуын қатаң талап етеді, - деп жазды Facebook-тегі парақшасында. 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жаңа коронавирусты анықтай алатын тест әзірленетіні мәлім болды. Қытайдан тарап жатқан коронавирусқа байланысты шекара арқылы өту пунктерінде санитариялық бақылау шаралары күшейтілді. Қытайда белгісіз вирустан 56 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, президент Қытайда тараған вирусқа қатысты Үкіметке тапсырма берген болатын. ҚХР-дан келетін транзиттік жолаушыларға ҚР аумағына 72 сағаттық визасыз келу режимі уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ, Air Astana Үрімші мен Бейжіңнен жолдама алған турларды кері қайтарған еді.
Өзгелердің жаңалығы