"Қазақ хандығы. Алмас қылыш" фильмі Омбыда көрсетіледі

21 Қаңтар 2020, 09:15
3715
Бөлісу:
"Қазақ хандығы. Алмас қылыш" фильмі Омбыда көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 қаңтар күні Омбыда "Вавилон" кино орталығында Ресейдегі Қазақстан киносы фестивалі аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" фильмі көрсетіледі.

Кинотуындының көрсетіліміне Омск қаласындағы ҚР бас консулы және басқа да құрметті қонақтар шақырылған.
  
Айта кетсек, тарихи фильм қазақ тілінде (орыс тілінде титрлері бар) көрсетіледі. Туындың режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер, сценарист әрі суретші Рүстем Әбдірашев. 
 
Бұл ауқымды тарихи фильм Ілияс Есенберлиннің "Алмас қылыш" романының негізінде  жазылған "Қазақ хандығы" кинодиологиясының
бірінші бөлімі.
 
Естеріңізге сала кетсек, бұл фильм 15 ғасырда Қазақ хандығының құрылуы және Жәнібек пен Керей сұлтандардың тарихи орындары туралы
баяндайды. "Қазақ хандығы" жобасының идея авторы ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Өзгелердің жаңалығы