"Қазақфильм" Абай туралы фильмдерді ашық көрсетілімге шығарды

19 Мамыр 2020, 19:55
2257
Бөлісу:
"Қазақфильм" Абай туралы фильмдерді ашық көрсетілімге шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы YouTube-тегі ресми арнасына Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы фильмдерді ашық көрсетілімге шығарды.

Желі қолданушылары енді кез-келген уақытта "Абай. Өмірі мен шығармашылығы" (режиссер Т. Арганчеев, 1983); Мұхтар Әуезовтің романы негізінде түсірілген "Абай әндері" көркем фильмін (режиссерлері Ефим Арон және Григорий Рошал, 1945); сонымен бірге ақынның жас кезі туралы баяндайтын "Абай" фильмін (режиссер Ардақ Әмірқұлов, 1995) тамашалай алады. Соңғы аталған фильм көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, көптеген беделді кинофестивальдерде топ жарған.

"Абай Құнанбаев туралы фильмдер" топтамасында Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлының тағдыры туралы баяндайтын "Құнанбай" (реж. Досхан Жолжаксынов, 2016) фильмі де бар. Айта кету керек, 2016 жылы фильмді түсіруге ат салысқан шығармашылық топ әдебиет пен өнер саласында Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Сыйлықты сценарийдің тең авторы, режиссері – Д.Жолжақсынов, қоюшы режиссері – Р.Одинаев сондай-ақ актерлер – Н.Салықова мен А.Бектемір алды.

  

Өзгелердің жаңалығы