"Қайрат" клубы 200 мың долларға сатып алған "қырғыздың Мессиі" жайлы не білеміз?

29 Қаңтар 2020, 07:00
2863
Бөлісу:
"Қайрат" клубы 200 мың долларға сатып алған "қырғыздың Мессиі" жайлы не білеміз?
EX PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматының "Қайрат" клубы Қырғызстанның жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Әліқұловпен келісімшартқа отырды.

Клубтың баспасөз қызметі футболшымен 2+1 келісімшарты жасалғанын хабарлады. Яғни алғашқы екі жыл сәтті өнер көрсетсе, тағы бір жылға ұзартады.

Алматы командасы маусым аяқталған соң, негізгі құрамдағы тағы бірнеше футболшымен қош айтысты. Олардың арасында команда капитаны Бауыржан Исламхан да бар. Әрине, Бауыржанның орнын басатын ойыншы табу қиын. "Тараз" футболының түлегі 6 маусым қатарынан "Қайраттың" негізгі ойынды үйлестірушісі, моторы болды. Енді орнын бүгін болмаса да, болашақта басуы мүмкін деген футболшы Гүлжігіт Әліқұлов секілді.

19 жастағы талант 2019 жылғы маусымды Беларусь чемпионатындағы "Неман" клубында өткізген. Ол жақта 24 матчқа қатысып, 4 гол соқты. Одан бөлек, 4 нәтижелі пасы тағы бар. Сондай-ақ Қырғызстан құрамасына тұрақты шақырылып жүр. Алты матчта 2 рет көзге түскен.

20200127143716.jpg

Гүлжігіт футболға қалай келді?

Біздің кейіпкер 2000 жылдың 25 қарашасында Қырғызстанның Жалалабад облысына қарасты Тоқтағұл қаласында дүниеге келген. Бала күнінде анасы оны гимнастикаға берген екен. Одан бөлек, бірнеше ай күреске де қатысқан. Бірақ түптің түбінде үлкен ағасының кеңесімен футболды таңдаған. Ала доппен 11 жасынан бері айналысып жүр.

Футболшының өзі Беларусь БАҚ өкілдеріне спортшылар отбасында өскенін айтты. Әкесі футбол, теннис және баскетбол ойнаған. Ағасы Жанарбек те футболмен айналысқан. Оның алаңдағы орны – орталық қорғаушы.

   Көшедегі төбелесі жөнінде

Бала күнімде өте көп төбелестім! Әсіресе, басқа ауданның балалары келгенде міндетті түрде төбелестінбіз. Топ-топпен бөліп төбелесу жиі болды. Ол жерде жекпе-жекке де шығып жүрдік. Өзім күреспен айналысқан соң, төбелестің көбін жеңдім. Үйге ешқандай жарақатсыз келетінмін, сондықтан ешкімге айтқан емеспін. Тек ағам білетін. Ол төбелестің арты жақсылыққа апармайтынын айтып, бірақ жеңіп жүргенімді естіп қуанып қалатын, - дейді футболшы.

Самуэль Это'О-мен бірге жаттыққан

17 жасында Әліқұлов Түркияның "Антальяспор" командасына ауысты. Бірақ кәсіби футболшы ретінде келісімшартқа бірден қол қоя алмады. Өйткені кәмілеттік жасқа толмағаны кедергі келтірді. Сондықтан ол жасөспірімдер командасы сапында жаттықты. Бірақ арасында негізгі құраммен де бірге дайындалуға мүмкіндік алып тұратын. Ол кезде команда құрамында Чемпиондар лигасының бірнеше дүркін чемпионы, "Барселона" мен Камерун құрамасының аңызы Самуэль Это'О ойнаған болатын.

2018 жылы Әліқұлов Қырғызстанға оралып, Бішкектің "Алға" командасымен келісімшартқа отырды.

 photo_100265.png

Беларусь чемпионатындағы сәтті маусым

2019 жылдың басында қырғыз футболшысы Беларусь елінің "Неман" командасымен келісімшартқа отырды. Ол чемпионатта 23 матчқа қатысып, 4 гол соқты. Сондай-ақ, Беларусь кубогінде бір ойынға қатысқан.

Гүлжігіт Беларусь чемпионатында жүріп, жақындарын сағынғанын айтады. Сосын ол Гродно қаласынан құлшылық ететін мешіт таппаған. Оған айқай-шуы көп, түнгі клуб, кафесі бар жерлер аса қатты ұнай қоймайды.

Бос уақытында футболшы фильмдер көреді, кітап оқиды. "Неманда" жүргенде тізе жаттығуын жасап, таңертең күнделікті жүгіріп тұратын. Өйткені ең әлсіз тұсы тізесі екен.


Tribuna.com мәліметі бойынша, Әліқұлов "Неманмен" үш жылдық келісімшартқа қол қойғанымен, кез келген уақытта команда ауыстыра аламын деп келіскен. Футболшы клубпен келісімшартты бұзатын болса, 200 мың төлейді деп жазылған. Осы ретте Transfermarkt "Қайрат" қырғыз футболшысын 200 мың долларға сатып алды деп отыр.

"2019 жылдың үздік ойыншысы"

19 жастағы Гүлжігіт 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қырғызстандағы аса беделді ақпарат агенттіктерінің бірі "Супер Инфо" басылымының тұжырымы бойынша "Жылдың супер ойыншысы" атанды.

Марапат алған футболшы бұл жүлдесін әкесіне арнайтынын айтқан болатын.

Бұл марапатты әкеме арнаймын. Ол мені әрдайым қолдады. Бұл жеңіс үлкен күш, стимул берді. Әрі қарай өз халқым үшін еңбек етіп, жоғары жетістіктерге жеткім келеді, - дейді футболшы.
 bye5cce1602b3.jpg

"Неманға" алғыс айтты

Футболшы бір маусым болса да, негізгі құрамда ойнап, өзің көрсетуге мүмкіндік берген клубқа және әрдайым қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс білдірді.

Гродно қаласына және бірінші кезекте "Неман" клубына сәлем жолдағым келеді. Мен өзімнің мансабымда осындай жетістіктерге жетуге мүмкіндік бергені үшін және мен кездестірген адамдарым үшін осы клубқа көп алғыс айтқым келеді.Осыншалықты жылы қабылдайды және қолдайды деп күтпегенмін. Айналамдағы адамдардың барлығына алғысымды айтамын. Олар қолдарынан келгенше көмектесті. Бапкерлер құрамы маған шеберлігімді дамытуға және футболдың жаңа деңгейіне көтерілуге ​​мүмкіндік берді. Ал әріптестерім алаңда қолдарынан келгенше білгендерін айтып, сенімді ойнауыма жағдай жасады. Әсіресе, клуб қызметкерлері мен жанкүйерлерінен жылы сөз есту ерекше әсер етті. Маған айтылған әрбір пікір, әрбір сөз жолымыз болмаған кезде еңсемізді түсірмеуге итермеледі. Тіпті, болашақта қандай командада ойнасам да "Неманға" жанкүйер болып қала бермекпін. Келесі маусым команда үшін сәтті болады, - деп сенемін дейді Әліқұлов.
 

"Зенит", "Мехелен", "Диамо" (Минск) қызығушылық танытты – ойыншының агенті

Қырғыз футболшысының Владимир Осипов деген агенті бар. Оның айтуынша, Гүлжігітке бірнеше команда қызығушылық танытқан. Бірақ ең ұтымды келісімшарт ұсынған Алматының "Қайраты".

– 2019 жылғы маусымнан кейін Әліқұловтың карьерасын әрі қарай жалғастыруға ұсыныстар көп пе?

– Бұл жерде жай қызығушылық танытқандар мен нақты ұсыныс жасағандарды ажыратып алу керек. Егер қызығушылық танытқандар туралы айтар болсам, ондайлар көп. Тіпті, жаздың өзінде әр түрлі клубтардан хабарласқан. Бірақ нақты ұсыныстар санаулы. Маусымаралық үзіліс кезінде Чехияның "Млада-Болеслав" командасы өз қатарларына қосқысы келді. Сол кезде БАҚ өкілдері Праганың "Славия" клубы қызығушылық танытып жатыр деп жазған. Алайда ол ақпарат шындыққа сай келмейді.

– Естуімше, "Млада-Болеслав" сапына ауысуға жақын болған секілді… 

– Иә. Біз тіпті Гүлжігіт екеуіміз Прагаға ұшып барып, барлық талаптар бойынша келіскенбіз. Шынын айту керек, тұратын бөлмесіне дейін көрсеткен. Клуб басшылығы базада тұрасын деп айтқан. Бірақ соңғы сәтте клуб менеджерлері кейін сату алу құқығымен жалға аламыз деді. Клубтың саясаты сондай екен. Командаға Николай Комличенко мен Алексей Татаев осылай келген. Бірақ мұндай ұсыныс "Неман" клубын қанағаттандырмады. Өйткені чехтар бұл футболшыларды қатарларына қосқан кезде олар ешкімге керек болмаған ойыншылар. Гроднода да Әліқұловқа қатты сенім артылды, команда көшбасшыларының бірі болды. Оларға жалға берудің не қажеті бар?

bye4dc423dc4d.jpg

– Әрі қарай не болды?

– Әліқұловқа жоғары қызығушылық болғаны рас. Алайда көптеген нюанстар кездесті. Мысалы, кейбір клубтар оны алу үшін алдымен Гүлжігіттің позициясында ойнаған футболшылармен қош айтысулары қажет еді. Сосын барып, онымен келісімшартқа отырады.

– Беларусь командаларынан ұсыныс болды ма?

– Былтыр жазда Минскінің "Динамо" клубы хабарласқан. Клуб өкілдерінен Сергей Гуренко мен Юрий Поклад сөйлесті. Бірақ ол кезде бұл команданың тағдыры түсініксіздеу еді. Өзге Беларусь командалары қызығушылық танытқан жоқ. "Неманның" ойынын көруге келген өзге клубтардың скауттары бұл фактке таңырқай қарады.

– Мүмкін қызығушылық танытқан ең атақты командаларды айтып көрерсіздер?

– Оған Ресейдің "Зенит" және Бельгияның "Мехелен" клубы қызығушылық танытты. Сондай-ақ, Қытайдан хабарласты. Тіпті, көп ақша ұсынды. Дегенмен, Гүлжігіт Еуропада ойнағысы келді.

– "Неман" футболшы басқа клубқа кету үшін 200 мың доллар деп көрсеткен. Бұл сома келіссөз жүргізуге қиындық туғызбады ма?

– Ол ойында нәтижеге тікелей әсер ете алатын футболшылардың бірі. Кейде команданы жалғыз өзі сүйреп шығады. Мұндай орындаушылардың бағасы әрдайым жоғары болады. Сондықтан клубтарға төлеуге тура келеді.

– "Қайрат" қашан хабарласты? 

– Былтырғы жылдың қазан айына қарай. Сол кезде клуб өкілдері Батыс Еуропада ойнағымыз келетінін айттық. Сол сәтте "Млада-Болеслав" клубына сынақтан өту үшін Чехияға билет алып қойғанбыз. Сосын Ресей командалары қызығушылық таныта бастады, Түркия суперлигасынан, Бельгия чемпионатынан ұсыныстар түсті. Бірақ түптің түбінде "Қайратқа" келді. Клуб басшыларының алдында шапкамды шешуге дайынмын. Өйткені олар Гүлжігітті 2,5 ай күтті. Бұл дегеніміз клубтың оған сенетіндігін білдіреді. Мұндай қарым-қатынасты сатып ала алмайсың. Оның үстіне, бұл уақытқа дейін біз Бельгияда, Ресейде немесе Түркияда нақты ұсыныстар болмады.

– Сөйтіп, Әліқұлов Еуропаның орнына карьерасын "Қайратта" жалғастыруға шешім қабылдады?

– Мен үшін "Қайратқа" ауысу, Беларусь чемпионатындағы БАТЭ-ге барумен бірдей. Екі елдің чемпионатының деңгейі жобалас. Алдарына қойған мақсаттары да шамалас: чемпионатта жеңіске жету, кубок ұту және Еурокубок ойындарының топтық кезеңіне жету. Айтпақшы, Әліқұлов Еурокубокта ойнаған алғашқы қырғыз футболшысы атануы мүмкін. Бұл жағы да оның әрі қарай шешімдеріне әсер етті. Жалпы алғанда, "Қайратқа" ауысу – алға бір қадам жасау деп білемін. Сондай-ақ, Алматы Қырғызстанға алыс емес. Гүлжігіт үйіне барғысы келсе, көлікпен 4 сағат, ұшақпен 40 минутта жете алады.

Өзгелердің жаңалығы