Атырау облысында 6 оттегі стансасы салынуда

18 Қыркүйек 2020, 16:33
1368
Бөлісу:
Атырау облысында 6 оттегі стансасы салынуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ​ Қабдықапаров айтты деп хабарлайды Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Атап айтқанда, ​облыстық ауруханада, №2 облыстық ауруханада, облыстық кардиологиялық орталықта және Құрманғазы, Жылыой, Қызылқоға аудандарының ауруханаларында орталықтандырылған оттегі стансасының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Индер, Исатай аудандарының ауруханаларында оттегі стансасын орнатуды қаржыландыру мәселесі қаралуда, - деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ​ Қабдықапаров.
Еске сала кетелік, облыстың медициналық ұйымдары бүгінде 224 ИВЛ аппаратымен, 27 рентген аппаратымен, 10 компьютерлік томография аппаратымен, 977 оттегі генераторымен және 1100 пульсоксиметрмен қамтамасыз етіліп отыр.

Облыстың емдеу-сауықтыру ұйымдарында жеке қорғаныш құралдарының​ екі айлық қоры бар. Дәрі-дәрмек қоры ​жеткілікті. 
 











Өзгелердің жаңалығы