Бас жаңалықтар
«Астана балет» және туристік ұйымдар меморандумға қол қойды
06 Сәуiр 2019, 12:34 738

«Астана балет» және туристік ұйымдар меморандумға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, «Астана Балет» театрында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, «Астана Конвеншбюро», астаналық және Еуразиялық туризм қауымдастығы мен театр арасында екіжақты меморандумға қол қойылды. 

Меморандум елорданың туристік кластерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, тарихы, дәстүрі мен мәдениеті бай Қазақстанға шетелдік туристерді тартуға ықпал етпек.

«Астана Балет» Қазақстан астанасының туристік брендіне айналмақ. Қазақстандықтар мен шетелдік туристерді «Астана балет» театрының тыныс-тіршілігімен таныстыру мәдениет саласында шет елдік меймандарды қызықтыратын тың жоба болмақ.

Театр Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Театр репертуарында сан-алуан жанрдағы балеттер мен концерттік бағдарламалар бар: классика мен неоклассикадан бастап, contemporary мен ұлттық биге дейін. Репертуар Қазақстан, Ресей, АҚШ пен Германия, Қытай мен Бразилияның әйгілі балетмейстерлері қойған жиырмадан астам спектакльден – жасақталған.

Классика, неоклассика мен ұлттық стилде жасалған хореографиялық миниатюралардан тұратын бұл қойылымдар «Астана Балет» театрын турпакетке қосуға мұрша береді.
Бүгінде туризм саласы әлемдік экономикада қарқынды дамып жатыр. Туристер барған аймағының архитектуралық ескерткіштерімен, мәдени ерекшеліктерімен танысуға асық. «Астана Балет» – экскурсия жүргізетін ғажайып ғимарат. Ол жас шамасы әрқилы туристерді қызықтыратыны анық. Әлемнің кез-келген жерінен келген мейман үшін театр ғимараты мәдени туризм нысанына айналмақ. Театрға келіп, көрермен ықыласына бөленген шығармашылық ұжыммен танысу – еліміздің хореография өнерінің тарихымен де танысу. Театрға келу – мәдени-танымдық, этникалық және ойын-сауық туризмін жандандыра түсері анық.

Загрузка...

Сізден жаңалық