Бас жаңалықтар
#АрысБізБіргеміз. Филантроп 10 млн теңге аударды
26 Маусым 2019, 15:11 329

#АрысБізБіргеміз. Филантроп 10 млн теңге аударды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық Source Energy компаниясының бақылаушылар кеңесінің төрағасы, белгілі филантроп, профессор Оралбек Ботбай Арыс қаласындағы жағдайдан соң, зардап шеккен отбасыларға 10 млн теңге аударды. Бұл туралы оның баспасөз қызмет xабарлады.

"Белгілі ақын Сабыр Адай әдемі айтақандай әр қазақ - менің жалғызым. Бұл менің өмірлік ұстанымым. Қолымнан келгенге мұқтаж жандарға қол ұшын созғанды жөн көремін. Арыстағы айтып келмейтін апатты ел болып жұмыла көтердік. Ел Президенті Қ.Тоқаев мырза да оқиға орнына барып, ел-жұрттың жағдайымен танысты. Осы орайда, Арысқа ізін суытпай жеткен облыс басшысы Ө.Шөкеевтің іскерлігін айта кету керек. Дегенмен осы оқиғаны көрген өзге кәсіпкерлер де аянып қалмаса екен " - деген Оралбек Ботбай ел-жұрттың амандығы мен тыныштығын тіледі.

Оқиғаға байланысты Шымкент төтенше жағдайлар департаментінде “Қауырт желісі” жұмыс істейді. Тәулік бойы 8 7252 44 94 72 немесе 8 7252 35 33 66 телефон нөмірі бойынша ақпарат алуға болады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық