Соңғы 2 айда Қазақстан-Ресей тауар айналымы 2,2% өсті

17 Сәуір 2019, 15:43
2593
Бөлісу:
Соңғы 2 айда Қазақстан-Ресей тауар айналымы 2,2% өсті

Алматы, BAQ.KZ. Қаңтар-ақпан айларындағы екі ел арасындағы тауар айналым 2,2% өсті. Бұл жайында Ресейдегі ҚР елшілігі мәлім етті, деп жазды ҚазТАГ.

«2019 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2,6 млрд долларды құрады. Бұл 2018 жылдың осы аралығымен салыстырғанда 2,2% жоғары», - деді елшіліктегілер.

Сонымен қатар, экспорт 764,8 млн (2,4%-ға қысқарған) долларды құрағаны, ал импорт 1,8 млрд долларға(4,2%-ға өскен) жеткені айтылған.

«Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО елдері арасындағы жалпы тауар айналымның 92,9%-ы  Ресей Федерациясына тиесілі», - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы