Бас жаңалықтар
"Қанша ақша керек, берейін". Назарбаев егіншілікті дамыту туралы
30 Қаңтар 2019, 13:24 962

"Қанша ақша керек, берейін". Назарбаев егіншілікті дамыту туралы

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарабаев алдында есеп берді.


Осы орайда ҚР Президенті ауыл шаруашылығы саласындағы көрсеткіштерді бағалады.  

«Тікұшақпен ұшып бара жатсаң егілген жерлердің ішінде ештеңе шықпайтын жерлер бар. Тұқымды салу керек. Түк шықпайтын жерлер дің бәрін былай тастап басқа жерлерге егетін болсақ... Неден біз кембіз, бізден артық егетін, әсіресе егіннен бізден артық маман жоқ. Дәл біздікі сияқты басқа елдердің даласын көретін болсаң олардың гектары бізден 7 есе көп. Ахметжан Смағұлұлымен (Есімов – авт.) бірге жұмыс істедіңдер, ешқайссың жақсы көрсеткіш көрсеткен жоқсыңдар. 15 центрден мақта алып отырмыз дедіңдер. Жеріміз көп болғаннан кейін оған қарамаймыз еш уақытта», - деді Назарбаев Шөкеевке.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы болашақтағы негізгі драйвер екенін атап өтті.
 
«Мен айтып жүрмін ғой. Барлық елдер өзінің жерлерін қолданып бітті. Технологияның ең жоғарғы шыңына шығудан басқа олардың алатын жағдайы жоқ. Дүние жүзінде жер Ресей, Украина, Қазақстан, осы үш-ақ жерде қалды. Барлығы бізге келіп отыр. Егер де барлық халық Америкадағы сияқты тамақ жейтін болса бүкіл әлемдегі тамақ 2,5 млрд адамға ғана жетеді. Ал 2040 жылы жер бетінде 8,9 млрд адам болады. Сонда бәріне не керек, қанша керек, соны жеке қарау керек, Бақытжан (Сағынтаев - авт). Қанша ақша керек, берейін. Бірақ нақты болатын болсын», - деді ҚР Президенті.

Айта кетейік, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың жұмысына ескерту жасағанын жазған болатынбыз.

Назерке АБИБУЛЛА
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Сізден жаңалық