Алматыда мемлекеттік қызметтің 90%-дан астамы электронды түрде көрсетіледі

9 Қазан 2019, 14:26
1948
Бөлісу:
 Алматыда мемлекеттік қызметтің 90%-дан астамы электронды түрде көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті қызметтің 45 түрін ұсынатынын хабарлады. 


Алматылықтардың жоғары сұранысына ие электронды қызметтердің қатарында электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу, салық төлеушіні тіркеу, бақылау-кассалық машиналарды машиналарды тіркеу және тіркеуден шығару қызметтері бар.

"Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызметтің 45 түрін ұсынады. 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 3 533 279 мемлекеттік қызмет, оның ішінде электронды түрде - 3 306 070 немесе 93,8%, мемлекеттік корпорация арқылы 9 194 қызмет көрсетілген", - делінген таратылған ақпаратта.

Жетісу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында қызмет көрсету аудандарына бөлу арқылы қызметтер ұсынудың пилоттық жобасы енгізілген, яғни модернизацияланған салық төлеушілерге қызмет көрсету орталығында модератор ағымдарды санатына қарай таратады. Олардың қатарында қолдау, прогресс, құрметті, бастауыш, балалар санаты бар. Яғни, әркім өзіне лайықты санатты таңдап, операторымен талқылайды.

 

 

 

Өзгелердің жаңалығы