Қытайдан эвакуацияланған қазақстандықтар Алматыға ұшып келді

13 Ақпан 2020, 12:06
1400
Бөлісу:
Қытайдан эвакуацияланған қазақстандықтар Алматыға ұшып келді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін таңғы сағат 07.00 Алматы қаласындағы халықаралық әуежайға Бейжіңнен келген ұшақ қонды, ішінде 211 жолаушы бар, 171-і Қазақстан азаматы, ал 40 адам Қырғызстан азаматы.

Жерлестеріміз ұшақтан түсе сала инфекциялық сақтық шараларымен Алматыдғы көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілді. 

Олар ауруханада 3 күн медициналық тексерістен өтіп, коронавирус пен ЖРВИ қарсы зертханалық анализдер тапсырады. Егер клиникалық көрсеткіштер болса – станционардағы тексеру мерзімі созылуы мүмкін. Қазір барлық жолаушылардың денсаулығы қанағаттанырлық. Дене қызуы жоқ, - деді баспасөз қызметінде. 
Ал Қырғызстанның 40 азаматы Бішкекке жеткізілді.


Өзгелердің жаңалығы