Прокурорлар арасында "Абай оқулары" байқауы өтті

23 Қазан 2019, 01:15
4119
Бөлісу:
Прокурорлар арасында "Абай оқулары" байқауы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысы прокуратурасында ұлы ақын, философ,  аудармашы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай "Абай оқулары" байқауы ұйымдастырылды.

Үш кезеңнен тұратын сайысқа қатысушылар Абай өлеңдерін жатқа айтып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, қара сөздеріне түсінік берді.

Әділ қазылар алқасы қатысушылардың оқу шеберлігіне, сахнадан өзін ұстауына, аудиторияға ойын жеткізе білу шеберлігі, қара сөздердің философиялық мәнін түсінуін бағалады.

"Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды Бәйтерек ауданы прокуратурасының прокуроры Әділет Әбу, 2-орынды Теректі ауданы прокуратурасының аға прокуроры Дулат Тағаев және 3-орынды Бәйтерек ауданы прокуратурасының прокуроры Әділхан Дүйсебаев иеленді", - делінген хабарламада.

Барлық қатысушыға грамоталар мен сыйлықтар табысталды.

Өзгелердің жаңалығы