Тутанхамонның мүсіні аукционда 6 млн долларға сатылды

5 Шілде 2019, 10:20
2781
Бөлісу:
Тутанхамонның мүсіні аукционда 6 млн долларға сатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Египет фараонының тас мүсіні Лондонда түрлі аукциондар өткізілетін Christie's үйінде 5,97 млн долларға сатылды. Бұл туралы аукцион үйінің өкілдері хабарлады.

Сатып алушының аты-жөні белгісіз. Тутанхамонның мүсіні күн құдайы Амонның кейпінде бейнеленген.

Бұл аукционға дейін 1985 жылдан бері мүсін жеке коллекцияда сақталып келген. Алайда, сатуға қойылған лоттың Еуропаға қалай жеткізілгені беймәлім.   

Аукцион кезінде Christie’s кеңсесінің маңында 20 шақты наразылықтарын білдірген адамдар жиналды. 

Айта кетейік, бұған дейін Египеттің Сыртқы істер министрлігі Ұлыбританиядан Тутанхамонның тас мүсінін қайтаруды талап еткен.
 


Өзгелердің жаңалығы