Елордада әлеуметтік жағдайы төмен 30 жанұяға азық-түлік үлестірілді

13 Мамыр 2019, 21:27
2335
Бөлісу:
Елордада әлеуметтік жағдайы төмен 30 жанұяға азық-түлік үлестірілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қамқор» акциясы шеңберінде Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының қолдауымен, Нұр-Сұлтан қаласы «Ырыскелді қажы» мешіті және Нұр-Сұлтан қаласы Ассамблеясының «Парасат» қайырымдылықты үйлестіру орталығы тарапынан көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. 

Мұсылманның ұлық мерекесі Рамазан айында «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Жақияқажы Абдоллаұлы Исмаилов көпбалалы аналар, асыраушысынан айрылған жалғызбасты жандар, мүгедектер және тағы басқа әлеуметтік жағдайы төмен 30 жанұяға азық-түлік үлестірді.   

Елордада әлеуметтік жағдайы төмен 30 жанұяға азық-түлік үлестірілді

Ұйымдастырушылар осындай қайырымдылық акциялары Рамазан айы бойы жалғасатынын айтып, аталған шараға қайырымды да жомарт жандарды атсалысуға шақырды. 

Елордада әлеуметтік жағдайы төмен 30 жанұяға азық-түлік үлестірілді

Көмек алушы мұқтаж жандар бұл игі шараның Рамазан айында берілуі ораза құлшылығымызды атқаруға септігін тигізері анық дей отырып, қайырымдылық акциясын ұйымдастырушылар мен демеушілерге алғыс айтып, кәсіптеріне береке тіледі.


Өзгелердің жаңалығы