Асқар Жұмағалиевтың лауазымы өзгермеді

18 Маусым 2019, 17:22
2072
Бөлісу:
Асқар Жұмағалиевтың лауазымы өзгермеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

"Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын", - делінген жарлық мәтінінде.

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев


  •     Туған жылы: 1972 жыл

  • Туған жері: РКФСР Орынбор облысы

  • Білімі: Свердлов Суворов әскери училищесін тәмамдаған.

  • Қазақ ұлттық техникалық университетін (Алматы қ.) «Радиобайланыс, радиотарату және теледидар» мамандығы бойынша аяқтаған.

  • Екінші жоғары білімін Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша алған.

  • Лозаннаның федеративтік политехникалық мектебінен «Электрондық басқару саласының магистрі» ғылыми дәрежесін алған.


1996–1998 жылдары «Жарық» ЖШС бас директорының қызметін атқарған;


1998–1999 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің сектор меңгерушісі ретінде еңбек еткен;


1999–2000 жылдары - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің бас маманы, бөлім бастығы болған;


2000 жылы «Телекоммуникациялық трафик биллингі республикалық орталығы» РМК-да басқарма басшысы ретінде жұмыс істеген;


2001–2003 жылдары – ҚР Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының орынбасары, байланыс саласындағы мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы;


2003–2005 жылдары – ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары;


2004–2005 жылдары – ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының м.а.


2005–2006 жылдары – ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;


2006 жылы ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы қызметін атқарған;


2006–2010 жылдары — «Қазақтелеком» АҚ президенті;


2010–2012 жылдары – ҚР байланыс және ақпарат министрі;


2012–2014 жылдары – ҚР көлік және коммуникациялар министрі лауазымын атқарған;


2014 жылы – ҚР байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы;


2014–2015 жылдары – ҚР инвестициялар және даму министрінің орынбасары;


2015-2017 жылдары «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқарма төрағасы қызметін атқарған.


2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарды.


2018-2019 жылдары  Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 


2019 жылдың 25 ақпанынан бастап ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды

Өзгелердің жаңалығы