Қытайға сиыр етінің бірінші партиясы жөнелтілді

13 Тамыз 2019, 17:54
1699
Бөлісу:
Қытайға сиыр етінің бірінші партиясы жөнелтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «АкТеп» ЖШС 20 тонна мұздатылған сиырдың сүйексіз етін вакуумдық қаптамада Қытай халық республикасына жөнелтті, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.   

"Аграрлық несие корпорациясы етті тұқымды ірі қара малды сатып алу арқылы асыл тұқымды шаруашылық-репродукторды қаржыландыруды жүзеге асырды. Қарыз сомасы - 9,3 млрд теңге. Сондай-ақ, Аграрлық несие корпорациясы мал бордақылау алаңын толтыру үшін тауарлық мал сатып алуды да қаржыландырды. Айта кету керек, ол ҚХР-ға жеткізіледі. Тауарлық мал сатып алу 2,13 млрд теңгеге жүзеге асырылды", - делінген таратылған ақпаратта. 

Аграрлық несие корпорациясы қаржыландыратын жоба қуатты Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында төлдейтін ірі қара мал басын ұлғайтуды көздейді. 

Өзгелердің жаңалығы