Бәрі керісінше: Төлеутай Рахымбеков аграрлық саладағы мәселелерді жайып салды

18 Ақпан 2020, 11:40
1395
Бөлісу:
Бәрі керісінше: Төлеутай Рахымбеков аграрлық саладағы мәселелерді жайып салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілісте ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығының басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков баяндама жасап, осы саладағы проблемаларды атап өтті. 


Бүгін Парламент Мәжілісінде аграрлық мәселелер комитеті аграрлық ғылым, білім және өндірісті интеграциялау мәселелері бойынша отырыс өтті. 
Өкінішке қарай, өндірісте барлық ғылыми әзірлемелердің тек 8% -ы пайдаланылады. Елдің егіс алқабының 32% -нан ғана отандық селекцияның тұқымымен алынады, - деді Төлеутай Рақымбеков. 
Оның айтуынша, әлемдегі жетекші аграрлық державалардың инновациялық ауылшаруашылық жүйесі біртұтас және үш блоктан тұрады екен.

Бірінші блок – ғылыми білім беру мекемелері яғни ҒЗИ мен университеттер. Жалпы, мұндай оқу-зерттеу орындары бізде де бар. Екіншісі – білімді тарату жүйесі (экстеншн). Қазақстанда білім тарату орталықтарын құру 2008 жылы басталды және қазір қалыптасу сатысында. Үшінші блок – инновацияларды қолдау сервистері. Олардың қатарына коммерцияландыру кеңселері, трансферттер мен венчурлық қорлар жатады. Бұл тұрғыда біз жеңіліп тұрмыз, - дейді орталық басшысы. 
Ауыл шаруашылығы саласының кәсіби маманы осы жерде түсінікті болу үшін мысал келтіріп өтті. 
Түсінікті болу үшін біз біздің орталықтың құрылымын және Аргентина ауылшаруашылығы министрлігінің жанындағы Аргентинаның ауылшаруашылық технологиялары ұлттық институты (INTA) құрылымын салыстырамыз. Бірақ салыстырудың өзі ұят. Екеуінің арасы жер мен көктей. Аргентинадағы ол институттың құрамында 4 ҒЗИ, 47 тәжірибелі станция мен 320 білім тарату орталығы бар. Ал Қазақстанда бәрі керсінше, - дейді ол.

Төлеутай Рахымбековтің айтуынша, елдегі аграрлық ғылымның басты мәселесі – білім беру, трансферт пен коммерциялық технологияларды ұсыну бойынша ұйымдастыру жұмысының әлсіздігі деп отыр.



Өзгелердің жаңалығы