Бас жаңалықтар
Қаржы министрі Еуразиялық экономикалық комиссия отырысына қатысты
19 Қараша 2019, 13:35 780

Қаржы министрі Еуразиялық экономикалық комиссия отырысына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуразиялық экономикалық комиссияның ЕАЭО ішкі нарығындағы алып тастауларды, шектеулер мен кедергілерді жою бойынша жұмыстардың барысы туралы ақпараты тыңдалды, деп хабарлады Қаржы министрлігінің ресми сайты.

ЕЭК кеңесі жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтары сияқты шарттар мен тәртіпте еңбекшілердің зейнетақы құқықтарын қалыптастыруға, сақтауға және іске асыруға бағытталған ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің еңбеккерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімнің жобасын мақұлдады.

ЕЭО индустрияландыру картасын қалыптастыру мәселесін пысықтау туралы ұсыныс мақұлданды, ол бір-бірінің өзара жоспарларын көруге және оларды уақтылы түзетуге және ЕЭО шеңберінде өндірістік тізбектерді қалыптастыруға ықпал етуге мүмкіндік береді.

Қазақстан тарапының бастамасы бойынша Ресей тарапының "Ресей Федерациясы тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы "Заңының 4-бабына өзгеріс енгізу туралы" Федералдық заңға өзгерістер енгізу туралы мәселесі қаралып, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" 1992 жылғы 7 ақпандағы № 2300-I Ресей Федерациясының Заңын техникалық күрделі тауарлардың жекелеген түрлерін сату кезінде мұндай құрылғыларда ресейлік бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы ережемен толықтыру ұсынылады, - делінген ақпаратта.

Осы жылдың 20 желтоқсанында Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді.

 


Фото: дереккөз
Загрузка...