Қарағандыда 15 көпқабатты үйдің коммуникациялары толық жөнделеді

14 Мамыр 2019, 21:43
1664
Бөлісу:
Қарағандыда 15 көпқабатты үйдің коммуникациялары толық жөнделеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстары басталды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Октябрь ауданында инженерлік коммуникацияларын қалыпына келтіруді қажет ететін көп қабатты үйлер анықталды. Октябрь ауданының әкімі Мейрам Қожуховтың сөзінше, 15 көпқабатты үйдің жылу, электр және сумен қамту жүйелеріне толық жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оларда жылу және элеваторлық түйіндер, жертөрелерде құбырлар ауыстырылып, электр панельдері жаңартылады.   

"Жылу маусымына дайындық жұмыстарына жауаптылар қала әкімдігінде өткен аппараттық жиын барысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Ірі ПИК мен ЖШС көп қабатты үйлердің жылу жүйелерін жуу мен қысымын қысым сынағын тексерулерді бастады", - делінген таратылған ақпаратта. 
 
Алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстарын 25 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған.
 


Өзгелердің жаңалығы