Бас жаңалықтар
Бүгін
Алматыдан 133 шақырым жерде жер сілкінді
10 Желтоқсан 2018, 07:46 82

Алматыдан 133 шақырым жерде жер сілкінді

Алматы, BAQ.KZ. ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 10 желтоқсан күні 06 сағат 58 минут 45 секундта жер сілкінісін тіркегені туралы хабарлады.

"Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 133 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.2. MPV тербелісі - 4.1. Эпицентрінің координаттары 42.21° с.е. 77.83° ш.б. Ошағының тереңдігі - 20 км. Сезілуі туралы ақпарат (МSК-64 шкаласы бойынша): жоқ"

- делінген хабарламада.

Сізден жаңалық