Бас жаңалықтар
Қарақшылар Бенин жағасынан теңізшілерді ұрлап кетті
04 Қараша 2019, 10:16 322

Қарақшылар Бенин жағасынан теңізшілерді ұрлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарақшылар Бенин жағасында аялдап тұрған норвегиялық құрғақ жүк таситын кемеге шабуыл жасап, экипаждың 9 мүшесін ұрлап кетті.

Reuters хабарлауынша, теңіз қарақшылары Бенин жағасында аялдап тұрған JJ Ugland компаниясына тиесілі норвегиялық MV Bonita кемесін шабуылдаған. 

Оқыс оқиға 2 қараша күні кеме зәкірде тұрған кезде болған. Қаскөйлер кемеге шабуыл жасағанымен қоймай, экипаждың 9 мүшесін ұрлап кеткен. Кейіннен кеме Котону қаласындағы портқа келіп аялдады, - делінген хабарламада. 

Қазір норвегиялық компанияның апаттық-құтқару қызметі жағдайды бақылауға алып, жоғалған теңізшілердің туыстарымен және үкіметпен байланыста.

Ұрланған теңізшілердің азаматтығы туралы ақпарат жоқ.
 



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...