Арыста 1100-ге жуық үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды

15 Шілде 2019, 19:59
2940
Бөлісу:
Арыста 1100-ге жуық үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда Арыс қаласында нақты 1091 үйдің жұмысы толық аяқталған. Сондай-ақ, 4362 үйдің құрылыс және жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетерлігі, Арыс қаласында 8409 жеке, 104 көпқабатты тұрғын үй бар. Жарылыс кезінде мүлдем жарамсыз күйге түскені – 186 жеке, 8 көпқабатты үй. Ал зақымдағаны – 7178 жеке, 95-сі көпқаббатты үй. Жалпы 17 сектор бойынша республиканың барлық облыстарынан – 5685, аудандардан  300-ден астам жұмысшы еңбек етуде.

Бұдан өзге Арыс қаласындандағы 14 мектеп, 2 аурухана, 28 балабақша, бірнеше мемлекеттік мекемелердің ғимараттарына зақым келген. Арыс қаласында 66 әлеуметтік нысанды қалпына келтіру «Самұрық – Қазына» әл-ауқат қорына тапсырылған. Оның 54-і білім нысандары, 8-і денсаулық сақтау, 4-уі спорт нысандары. Әлеуметтік инфрақұрылым бойынша 66 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, қаладағы 300-ге жуық кәсіпкерлік нысандар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен жөндеуден өткізілетін болады. Алдағы уақытта жергілікті тұрғындарға жоғары сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында жаңа аурухана және екі емхана бой көтереді.

Өзгелердің жаңалығы