Нұр-Сұлтанда парапауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтеді

3 Шілде 2019, 17:55
1517
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда парапауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12-20 шілде аралығында астаналық Конгресс-орталықта пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтеді. Оған 79 елдің 450-ден астам атлеті қатысады, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты. 

"Қазақстан құрамасы сапында Рио-2016 Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева, сондай-ақ Индонезиядағы 2018 жылғы Азия ойындарының жүлдегерлері Давид Дегтярев, Рахмеджан Хамаев, Алина Солодухина және Гүлбану Әбдіхалықова өнер көрсетеді", - делінген хабарламада. 

Қазақстан алғаш рет пауэрлифтингтен әлем чемпионатын өткізеді. Халықаралық аренадағы отандық спортшылардың жетістіктерінің арқасында әлемдік деңгейдегі осындай ірі жарыстарды өткізуге қол жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы