Несие айыппұлы мен өсімпұлдары шілденің соңына дейін кешіріледі

3 Шілде 2019, 15:01
2474
Бөлісу:
Несие айыппұлы мен өсімпұлдары шілденің соңына дейін кешіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандықтардың кепілсіз тұтынушылық несиелерінің айыппұлы мен өсімпұлы шілденің соңына дейін кешіріледі.

"Барлығының айыппұлы мен өсімпұлы кешіріледі. Бүгінгі күні бұл 5 миллион адам. Банктер несие алғандардың айыппұлы мен өсімпұлын шілденің соңына дейін есептен шығарады", - деді Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Мәжіліс кулуарында берген сұхбатында.

Ерболат Досаев коллекторларға сатылған қарыздардың айыппұлы мен өсімпұлы кешірілмейтінін айтты. Жұмыс банк балансында қалғандармен ғана жасалады.

Өзгелердің жаңалығы