Бейжіңде əлемдегі ең үлкен əуежай салынды

30 Маусым 2019, 17:45
3606
Бөлісу:
Бейжіңде əлемдегі ең үлкен əуежай салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аэропорт 30 қыркүйекте рейстерге қызмет көрсете бастайды. 

Бейжіңде əлемдегі ең үлкен Дасин халықаралық əуежайының құрылысы аяқталды.

"Дасин" – бұл аэропорт қана емес. Ол Қытайдағы ірі транспорттық хаб. Əуежай құрылысына 60 млрд долларға жуық қаржы құйылған", – деді Аэропорт құрылысы жобасының басшысы Ли Цзяньхуа.

"РИА "Новости" мəліметінше, əуежай 30 қыркүйекте рейстерге қызмет көрсете бастайды. 

Аэропорт аумағы миллион шаршы метрді құрайды. "Дасин" Бейжіңнің оңтүстігінде, қала орталығынан 46 км қашықтықта орналасқан. Əуежай жылына 620 мың рейс қабылдай алады. 2025 жылы 72 млн адамға дейін қызмет көрсетпек.

Өзгелердің жаңалығы