Арыстағы жарылыс. Шымкентте 15 эвакуациялау бекет ашылды

24 Маусым 2019, 13:47
3087
Бөлісу:
Арыстағы жарылыс. Шымкентте 15 эвакуациялау бекет ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жедел хабарламасын аласымен жедел штаб құрылды. Бұл туралы Шымкент қаласы ішкі және сыртқы коммуникациялар тобынан хабарлады.

Штабтың жұмысына Шымкент қаласы ТЖД, Полиция департаментінің,Шымкент қаласы әкімдігінің, «ҚТЖ ҚК» АҚ қызметкерлері жұмылдырылды.

«Қазіргі таңда қауырт желі бойынша 700-ге жуық телефон хабарлама келіп түсті. Қалада 15 эвакуациялау бекет ашылды. Барлығы дайын. Арыс қаласынан бала бақшаның 17 баласы келді, олар Арғынбеков көшесі, Самал-3 мөлтек ауданындағы Назарбеков атындағы №87 мектепте орналасқан. Сонымен қатар Арыс қаласынан халықты көшіру үшін Шымкент қаласы әкімдігімен 36 автобус дайындалып, жіберілген», - делінген хабарламада. 

Шымкент қаласының аударында орналасқан эвакуациялық жиналу рунктерінің (ЭЖП) және олардың әкімшілік құрамының тізімі

1. Жамбыл атындағы №26 мектеп гимназиясы, Зерделі көшесі 1б, тел: 31-80-80;

2. Б.Саттарханов атындаығы дарынды балалар спорт мектеп-интернаты,Алпысбаев көшесі 116, тел: 44-47-73, 44-47-72;

3. Мемлекеттік мекеме «Саңырау балалар мектеп-интернаты», Аманжол көшесі 63, тел: 21-43-08;

4. Кенесары Қасымұлы атындағы №33 орта мектеп Д.Қурманбекова көшесі н/ү, тел: 44-47-71;

5. А. Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназия, Мангельдин көшесі 41, тел:21-33-29, 35-52-18;

6. №55 орта мектеп, Тұрлан шағын ауданы, Школьный өткелі н/ү, тел: 53-39-16,53-36-29;

7. №66 орта мектеп, Қазығұрт шағын ауданы, Оңдасынов көшесі н/ү, тел: 50-10-01,40-12-88;

8. Хамза атындағы №53 жалпы орта мектеп, Қызыл-Жар шағын ауданы,Гагарин көшесі н/ү, тел: 45-37-95, 45-31-29;

9. №54 жалыпы орта мектеп, Ынтымақ шағын ауданы,Түркістан көшесі н/ү, тел: 45-62-86, 45-61-58;

10. №60 орта мектеп, Жиделі шағын ауданы, тел: 45-51-07;

11. №61 жалпы орта мектеп, Ақтас 1 шағын ауданы, тел: 28-30-75;

12. Көбеев атындағы №56 орта мектеп, Қатын-көпір шағын ауданы, Гафур Гулам көшесі 37, тел: 55-32-22, 

13. А. Назарбеков атындағы №87 жалпы орта мектеп, Самал-3 шағын ауданы, Арғынбекова көшесі 20-23А;

14. №118 «Көкбұлақ» жалпы орта мектебі, Шымкент қаласы П.Тұрдалы көшесі н/ү, тел: 28-43-39;

15. «Индустриялды-техникалық колледжі» МКҚК Шымкент қаласы Ю. Гагарин көшесі №121 үй, тел: 35-08-84;

Өзгелердің жаңалығы