Атырауда азан шақырудан алғашқы сайыс өтіп жатыр

2 Мамыр 2019, 22:23
4926
Бөлісу:
Атырауда азан шақырудан алғашқы сайыс өтіп жатыр
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда «Иманғали» орталық мешіті азаншылар сайысы өтіп жатыр. «Әсем әуезді азаншы» атты ерекше сайыс 100-ге жуық жамағат бақ сынауда. Жарысқа қатысушылардың ең жасы - Құлсары қаласынан келген 14 жастағы Ұлан Балтабай. Ол жақында өткен VIIІ республикалық Құран оқу сайысына да қатысқан.

Атырауда азан шақырудан алғашқы сайыс өтіп жатыр

«Атырау облыстық мешітінде 7 сәуірде өткен Құран жарыста бірінші орын алып, Алматы қаласында 8 республикалық Құран оқу байқауына жолдама алғанмын. Ол байқаудан екінші орын алдым. Бүгінгі «Әсем әуезді азаншы» жарысына да келіп бағымды сынап жатырмын. Бәріне сәттілік тілеймін»,-деді жас азаншы Ұлан Балтабай.

Атырауда азан шақырудан алғашқы сайыс өтіп жатыр

Мұндай байқау Атырауда алғаш рет ұйымдастырылуда. Шараның мақсаты - жастарды дәстүрлі ислам дініне тарту, қоғамда жоғары адамгершілік ұстанымдарды насихаттау. Рухани мәдениеттің бір бөлігі болып табылатын азан шақыру жарысына тілек білдірген кез-келген адам қатысуда.

Атырауда азан шақырудан алғашқы сайыс өтіп жатыр

«Алдымызда келе жатқан Рамазан айы қарсаңында және жастар жылына орай облыстық азан жарысын өткізіп жатырмыз. Дегенмен тек қана жастар емес үлкендерге де қатысуға рұқсат бердік. Азан шақырудың тәртібі мен сауабы өте жоғары. Бұл жерде біріншіден азанның айтылуына, яғни таджуид ережесін сақтауды. Екіншіден соның мақамы, әуені. Үшіншіден сол азанның өзінің дұғасы бар, соны айту. Тағы бір мақсаттарымыздың бірі – жалпы мынау қазақ даласында әдемі азанның өзіндік бір стилі қалыптасса екен дейміз. Өйткені әр елдің азан шақыруда өз ерекшеліктері бар»,-дейді «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров.

Ақтық сынға тек 8 қатысушы өтеді. Байқаудың жалпы жүлде қоры бір жарым миллион теңге. Ал бас жүлдені иеленген адам кіші қажылық жасауға мүмкіндік алады.

Өзгелердің жаңалығы